Get Adobe Flash player




You are here

Басты бет

Компания туралы

Қазақ

«KazSilicon» Металлургиялық комбинаты» ЖШС – Қазақстан Республикасы аумағында ең алғаш іске қосылған металлургиялық кремний өндіру зауыты. Өндіріс 2006 жылы Алматы облысы, Үштөбе қаласында іске қосылды.
Комбинат шикізат ретінде зауыттан 25 шақырым жерде орналасқан Сарыкөл желілі кварц кен орнын пайдаланды. Өндірілетін кварцтың құрамында SiO2 мөлшері кемінде 99,5 % құрайды.
Комбинат өндірісінде қолданылатын негізгі металлургиялық құрал-жабдықдар Қытайда неміс технологиясымен жасалған. Технологиялық процестерді басқарудың автоматтандырылған жүйесі жасалып, енгізілген.
Шаң-тозаң жинаудың тиімділігі 99 % құрайтын газды тазартудың автоматтандырылған жүйесі еліміздің экологиялық талаптарына ғана сай болып қоймай, сонымен қатар ішкі және сыртқы нарықта үлкен сұранысқа ие микросилика (микрокремнезем) өнімін шығаруға мүмкіндік береді.
Кіретін шикізат пен өндірілетін өнімнің сапасын бақылау комбинаттың зертханасында жүзеге асырылады. Зертханада Bruker (Германия) фирмасының S4 Pioneer спектрометрі және ICP-OES Optima 8300 оптикалы эмиссионды спектрометр орнатылған.
2011 жылы «KazSilicon» MK» ЖШС-нің 100% жарғылық капиталын «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ «KAZ PV Қазақстан кремнийі негізінде фотоэлектрлік модульдер өндірісін құру »стратегиялық инвестициялық жобасы аясында сатып алды.
2015 жылдан бастап металлургиялық кремний өндірісі уақытша тоқтатылған.
«2016-2020 жылдарға арналған жекешелендірудің жекелеген мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1141 қаулысына сәйкес «KazSilicon» МК» ЖШС Қазақстан Республикасындағы жекешелендіру бағдарламасы аясында сатылуы тиіс.

  • Қазақ
  • English
  • Русский